Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысымен бекітілген) (2013.28.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау

қағидалары

(100.00-нысан)

(2013.28.08. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2013.28.08. № 874 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны:

мемлекеттік мекемелерді;

Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін дербес білім беру ұйымдарын;

Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін дербес білім беру ұйымдарын;

110.00 немесе 150.00-нысан бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалар, резидент емес заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.07-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.